сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 06.02.2023 11:12

Жеңілдетілген автонесиеге өтінім 18 секундта берілді - Өнеркәсіпті дамыту қоры

Фото: avtoshark.com

Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автонесие алуға 18 секундта 761 өтініш берілгенін айтты деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "өтініш беру" функциясы істен шыққан.

"Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушылар көлік өндірушісін таңдай алмады, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған", - деді қор өкілдері. 

Еске салайық, келесі өтінімдерді қабылдау қазақстандықтарға наурызда қолжетімді болады. Бағдарлама жаңалықтарын қордың ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан білуге болады.