жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 6 06.02.2023 16:56

Шымкентте мұрнына сақина таққан жасөспірім ауруханаға түсті

Фото: exk.kz

Шымкентте жасөспірім ер бала мұрнына сақина тағамын деп ауруханадан бір-ақ шықты. Оған құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды Экспресс К

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жасөспірім "Асар" шағынауданындағы балалар ауруханасының травматология бөлімшесіне келген. Оның айтуынша, мұрнына сақина секілді темір зат тағып, шеше алмай қиналған.

Дәрігерлер бірден "112" құтқару қызметінен көмек сұрапты.

"Ауруханаға жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары барды. Олар арнайы слесарлы құралдарды пайдаланып, сақинаны мұрнынан шешіп берді"

делінген ТЖД мәліметінде.