Колумбияда көшкін ондаған адамды тірідей көміп тастады
Колумбияда жолаушылар автобусын көшкін басып қалды. Қайғылы оқиға салдарынан ондаған адам жер астында тірідей көмілген, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбырдан болған көшкін автобусты басып қалды. Оқиға салдарынан 34 адам қаза тапты, оның сегізі - кәмелетке толмағандар.
Билік қазіргі уақытқа дейін тоғыз адамның құтқарылғанын хабарлады.
Колумбияның таулы жері, жиі жауатын жауын-шашын және тұрғын үй құрылысының ерекшеліктеріне байланысты кей аймақтарында көшкіндердің жиі кездесетінін атап өту керек.
Колумбия үкіметінің статистикасы бойынша, 2022 жылы қатты жаңбыр салдарынан 216-дан астам адам қаза тауып, 538 000 адам баспанасыз қалды. Сондай-ақ ел бойынша тағы 48 адам көшкін себебінен із-түзсіз жоғалған.