сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 7 07.02.2023 11:17

Филиппиндерде пияз валютаға айналды

Фото: Lenta.ru

Филиппиндерде  пияз тапшылығы салдарынан дүкендерде оны тауарға айырбастауға болады деп хабарлайды Teznews.kz порталы Lenta.ru Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Филиппиндік дүкендердің бірі тұтынушыларға пиязды тауарға айырбастауға мүмкіндік берді. Бір пиязды айырбастаған кезде тауарлардың құны 88 песодан (734 теңге) аспауы керек.

Үш пияздан артық айырбастауға тыйым салынды. Акция бір күнге созылады.

Филиппинде пияз тапшылығы орын алып, бағасы өсті. Ауа райы нашар болғандықтан, егін дұрыс шықпаған. Қазіргі уақытта бір килограмм пияз ет бағасынан асып кетті.