жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 6 07.02.2023 14:14

Назарбаевқа кететін шығын қыстартылады

Фото: rbc.ru

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте тұңғыш президент пен оның кітапхана қызметін қамтамасыз етуге шамамен 6 миллиард теңге қарастырылған. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қаржыландыруды қысқарту мәселесі жоспарланғанын айтты деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп. 

 

“Біз жылдан жылға барлық шығындарды оңтайландыратын боламыз. Соның ішінде кітапханаға жұмсалатын шығындар да қысқарады”, - деді Ерұлан Жамаубаев үкімет кулуарында. 

Қаржы министрі шығындарды қысқарту мәселесі наурыз айында бюджетті нақтылау кезінде қаралатынын айтты.