Талдықорғанда 18 жастағы жігіт әкесін өлтірген деп айыпталды
6 ақпан күні Көктал шағын ауданындағы жеке үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар 50 жастағы ер адамның денесі табылған, деп хабарлады Полиция.
Белгілі болғандай, әкесімен сөзге келіп қалған ұлы ас үй табасымен әкесін ұрып өлтірген.
ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркелді.
Іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.
ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес күдікті ұсталды және УҰИ-на қамауға алынды.