жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 5 07.02.2023 16:24

Талдықорғанда ақбөкен мүйізін сатпақшы болғандар ұсталды

Фото: Polisia.kz

Күдіктілер Ravon Nexia және Mazda көліктерімен жүрген. Ұстау кезінде үшеуі көліктердің бірінде жасырынуға тырысқан, деп хабарлады Полиция.

Ақбөкеннің 270 мүйізі тәркіленді. Ұсталғандар  1982-2000 ж. туылған  Алматы қаласы, Жамбыл және Алматы облыстарының тұрғындары екендігі анықталды. Барлығы облыстық ПД-не түсінік беру үшін жеткізілді.

ҚР ҚК-нің 339-бабының 2-бөлімінде “Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу” көзделген тергеу  амалдары басталды.