жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 5 07.02.2023 17:38

Ақтөбеде мүгедектерден пара алған басшы ұсталды

Фото: massaget.kz

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті департаментінің № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлады Антикор. 

Ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасуда.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.