жұма, 4 қазан 2024
Таным 51 08.02.2023 11:11

Саусақты қытырлату зиян ба?

Фото: massaget.kz

Белгілі қазақстандық дәрігер, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ травматология және ортопедия кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан травматологтар қауымдастығының вице-президенті Қанат Тезекбаев буындарды қытырлату зиян ба? деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.

Травматологтың айтуынша, саусақтарды қытырлатудың ауыр зардаптары туралы тікелей дәлелдер жоқ, бірақ теориялық тұрғыдан мұндай әдет буындар мен сүйектерге кері әсер етуі мүмкін.

"Адамдарда саусақтарын қытырлатып немесе мойнын солға-оңға айналдырып, қозғалыс жасайтын әдеті бар. Содан кейін жеңілдеп қалғандай сезінесің. Ортопедиялық тұрғыдан алғанда, саусақтарды қытырлату уақыт өте келе денеде қандай да бір тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін. себебі, сүйектер бір-біріне үйкеліп, қажалады. Уақыт өте келе адамдардың өзі бұл әдеттен алыстайды деп ойлаймын", - деді Қанат Тезекбаев.