жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 9 08.02.2023 15:28

"Ақшаның өсіммен көбеюі – арам": Имам сын астында қалды

Фото: stan.kz

Белгілі дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың біріне жауап берді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

 

Имам “ақшаның өсіммен көбеюін – арам” деп кесіп айтты.

"Ақшаны депозитке салыңдар, бірақ өскеніне қарамай тиынына дейін алып алыңдар. Әуелде 1 миллион теңге салсаң, сол ақшаны ысырып қойып, үстінен түскен өнімін садақа етіп таратыңдар", – дейді имам.

Ол адам өсімнен жиналған ақшаны садақаға берсе де, сауап жинамайтынын ескертті.

"Сауабынан үтім етпеңдер. "Керемет сауап істеп қалдым" деп ойламаңадар. Сен арам ақшаны таратып келдің. Себебі, ақшаның өсіммен көбеюі харам болып есептеледі", - деді Қабылбек ұстаз.

Имамның бұл жауабы желідегілердің наразылығын тудырды. 

“Ипотека мен депозит арам болса, не адал?”, “Молдаларды тыңдасақ аштан өлеміз”, “Неге қиындатасыңдар”, “Қаңғып үйсіз жүре берейік онда”, “Уағыздар да заманауи болып кетті ғой”, “Ипотека, кредит барлық қазақтың басында бар дүние”, – деп жазды желі қолданушылары.