жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 4 08.02.2023 16:28

Елде жұмыссыз жүрген жастар саны қанша?

Фото: tambov-news.net

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастар санын мәлім етті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Оның сөзінше, елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды. 

"Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,8 пайызды құрайды. Бұл ресми статистика. Бізде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бар екенін білесіздер. Яғни, олар ресми тіркелмеген. Бірақ, жұмыс істейді, ал міндетті зейнетақы жарналары және басқа да өзге аударымдар жүргізілмейді", - деді Олжас Орбаев брифингте.

Вице-премьердің сөзінше, екі қолға бір күрек таппай жүрген қазақстандық жастардың саны шамамен 80 мыңға жуықтайды.