сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 5 10.02.2023 10:49

Месси Сирия мен Түркияға көмек ретінде қаржы аударды

Фото: freebrd.ru

Футбол аңызына айналған Лионель Месси зілзаладан зардап шеккен Түркия мен Сирияға көмек ретінде 3,5 миллион еуро аударды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Tiranapost басылымының мәліметі бойынша, аргентиналық өз қорынан зардап шеккендерге көмек ретінде ақша аударуын өтінген.

Лионель Месси Түркия мен Сирияға көмектесу үшін 3,5 миллион еуро жіберді, - деп хабарлады ақпарат көзі түрік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.