жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 12 10.02.2023 11:11

2023 жылдан бастап баспана бағасы тағы қымбаттады

Фото: Aikyn.kz

2023 жылдың алғашқы айында Қазақстанда жаңа баспаналар 0,7 пайызға қымбаттаған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қаңтарда 11 аймақта баспана қымбаттаған, 10 аймақтағы баға былтыр желтоқсандағы деңгей бойынша қалған, - деп хабарлайды teznews.kz тілшісі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 

Петропавлда бір айда жаңа пәтерлер 10,6 пайызға қымбаттап кеткен.  

РЕКЛАМА
Сондай-ақ: 

- Павлодарда (+7.8 пайыз);
- Түркістанда (+4 пайыз);
- Қостанайда (+1.9 пайыз);
- Ақтауда (+1.8 пайыз);
- Орал мен Өскеменде (+1.6 пайыз) жаңа үйлер қымбаттаған. 

Ал Астанада бір айда жаңа үйлер 0,7 пайызға қымбаттаса, Шымкентте - 0,4 пайызға қымбаттаған. Алматыда баға өзгеріссіз.   

Биыл қаңтарда жаңа үйлердің шаршы метрі орта есеппен 481 891 теңге болған. Бұл желтоқсанмен салыстырғанда 44 432 теңгеге немесе 0,4 пайызға қымбат. 

Ең қымбат пәтерлер: 

- Астанада - 579 161 теңге;
- Алматыда - 547 794 теңге;
- Шымкентте - 441 947 теңге.

Арзанырақ үйлер: 

Жезқазғанда - шаршы метрі 160 мың теңгеден; 

Ақтөбеде 262 мың теңгеден;

Оралда 270,6 мың теңгеден. 

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/78244/