жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 29 10.02.2023 13:58

Түркияда мородерлік белең алды

Фото: stan.kz

Түркияда жойқын жер сілкінісінен кейін соны пайдаланып, елде тонау көбейіп кетті деп хабарлайды teznews.kz Euronews Youtube-арнасына сілтеме жасап.

Үйі мен дүние-мүлкінен айырылғандардың көпшілігі аман қалу үшін қылмысқа барады.

Мародерлерді жергілікті тұрғындар сот төрелігіне жүгінбей, өздері жазалауда.

Әлеуметтік желілерде тонаушыларды ұрып-соққан бейнежазбалары жарияланды. Қайғылы жағдайдың ауқымына байланысты құқық қорғау органдары бұл жерге әрдайым уақытында келе бермейді.

Қаскөйлер дүкендерді тонап, қаза тапқандардың денелерінен зергерлік бұйымдарды алып алған.