жексенбі, 6 қазан 2024
3 06.12.2022 20:40

Қызылордада мұз астынан ер адамның денесі табылды

Фото: Polisia.kz

Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы полиция бөлімшесіне мұз астында белгісіз адамның мәйіті жөнінде хабарлама түскен.

«Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер-азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды» делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.