жұма, 4 қазан 2024
1 10.02.2023 16:35

Ақтауда бала күтуші үй иесінің құнды дүниелерін ұрлап кеткен

Фото: facebook.com

Ақтауда 27 жастағы бала күтуші әйел жұмыс берушінің үйіндегі құнды заттарын ұрлап кеткен деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Полицияға Ақтау қаласының тұрғыны жүгінген.

“Тұрғын өз арызында 2022 жылдың 5 желтоқсаны мен 5 қаңтар аралығында белгісіз тұлға оның үйінен алтын сырға мен білезіктер, сондай-ақ 2.800 АҚШ доллары мен 140 мың теңге қаржысын қолды еткен. Белгілі болғандай, үй иесі пәтердің кілтін бала күтушісіне сеніп берген”,- деді ведомство.

Криминалдық полиция қызметкерлері әйелді анықтап, ұстады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша Ақтау қаласы ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.