жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 7 10.02.2023 17:32

Мәсімовтің інісі екі іс бойынша кінәлі деп танылды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар қаласының соты Павлодар облыстық полиция басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке қатысты екі істі қарады деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

Сот бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және игергу фактісін анықтаған. 

"2021 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 60 872 100 теңге қаражат бөлінді. Алайда, полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 10 693 000 теңгеге жем беру нормасын асыра жоспарлаған. 2022 жылы қызметтік жануарларға жем сатып алуға 13 394 000 теңге қаражат бөлінді. Алайда полиция департаменті нормаларды бұза отырып, 18 бас жылқыға 8 503 400 теңгеге жем беру нормасын асыра жоспарлаған. Тиімсіз жоспарлау бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкеп соқты", - делінген сот хабарламасында.

Полиция департаментінің бұрынғы бастығының кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, тексеру актісімен, тексеру комиссиясының материалдарымен, айғақтармен дәлелденген. 

"Сот әрбір іс бойынша 214 410 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ сот "Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы" ММ-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау кезінде іс жүргізу нормаларын бұзғаны үшін жеке үкім шығарды", - делінген хабарламада.