сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 13.02.2023 13:46

Ақтөбе қаласының тұрғындары Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға көмек жіберді

Фото: crosti.ru

Ақтөбе қаласының тұрғындары Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға 11 тонна гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Sputnik Қазақстан  сайтына сілтеме жасап.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратовтың айтуынша, ақтөбеліктер гуманитарлық көмектің бірінші партиясын жіберіп жатыр. Ұшақ 12 ақпанда ұшып кетті.

"Ұшақта 11 тоннадан астам тауар бар. Соның ішінде жылы киімдер, тамақ, балаларға арналған тағамдар бар. Бұл көмекті облыстың жанашырлары, кәсіпкерлер мен еріктілер бір-екі күннің ішінде жинады. Қазіргі кезде басқа өңірлерден, басқа қалалардан адамдар хабарласып жатыр. Келесі аптаға тағы гуманитарлық көмек жіберу жоспарланып отыр", - дейді Тілеумұратов.

Айта кетері, бұған дейін Астанадан 4 тонна гуманитарлық көмек жіберілген болатын.