сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 12 13.02.2023 17:59

Белбеуден бас тартқан Головкинге үкім шықты

Фото: tofight.ru

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңа рейтинг жариялады, деп хабарлайды teznews.kz Vesti.kz сайтына сілтеме беріп.

Орта салмақта міндетті қарсылас бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасудан бас тартып, белбеуді босатқан Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) рейтингіден шығарылды.

Енді рейтингіде бірінші Фалькао, екінші аустралиялық Майкл Зерафа (31-4, 19 КО), ал үшінші германиялық Винченцо Гуальтьери (20-0-1, 7 КО) тұр.

Ал орта дивизиондағы IBF белбеу әзірге бос тұр.