сенбі, 5 қазан 2024
Әлем 9 14.02.2023 13:17

Түркияда жер сілкінісінен 178 сағат өткен соң құтқарушылар алты жасар баланы аман алып қалды

Фото: Анадолы агенттігі

Түркияның Адыяман провинциясында құтқарушылар жер сілкінісінен 178 сағат өткен соң Мирай есімді алты жасар баланы қираған үйдің астынан құтқарды. Бұл туралы Teznews.kz порталы Анадолы агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қуанышты хабар іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Алиташ кварталынан жеткен. Аман қалған Мирайды ауруханаға жеткізді.

Түркияда жойқын жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 31,6 мыңнан асты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияда апат құрбандары үшін жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту туралы жариялады. Түркияның мемлекеттік тулары бүкіл ел бойынша төмендеді.

Көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда, Ливанда, ТРСК, грек Кипрінде және Иракта зілзала болды.