сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 12 14.02.2023 17:52

Кішкентай астаналық қыздың әрекеті Түркия халқының жүрегін елжіретті

Фото: tengrinews.kz

Кішкентай астаналық қыз Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен балаларға жинаған ақшасын берді. Ақша жинауға өз қолымен жасаған қорап Қазақстандағы Түркия елшілігіндегілердің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Teznews.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Түркия елшісінің коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Махмут Шевкет Байрам қайғылы оқиғадан кейінгі алғашқы күндерден бастап қазақстандықтардың қолдауын сезінетінін айтты.

"Бұл қорапты бізге кішкентай қыз әкеліп берді. Ақшасын Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге бергісі келетінін айтты", - дейді Махмуд Шевкет Байрам.

Кеңесшінің айтуынша, қазіргі уақытта апат болған жерлерде мобильді электр генераторлары, шатырлар, ұйықтайтын сөмкелер мен жылытқыштар жетіспейді.