сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 7 14.02.2023 18:16

Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың UFC рейтингіндегі орны белгілі болды

Фото: meta-ratings.kz

АҚШ-тағы UFC лигасында сынға түсетін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың жаңартылған рейтингтегі орны белгілі болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Ұйымның ресми сайтының мәліметінше, артылай орта дивизионда Рахмонов оныншы орынды сақтап қалды.

Бұл салмақ дәрежесінде америкалық Камару Усман бірінші орында тұр. Екінші сатыға тағы бір америкалық спортшы Колби Ковингтон жайғасқан. Үздік үштікті ресейлік Хамзат Чимаев тұйықтап тұр.

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов UFC-де жалпы есебі төрт жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Қазақстандық спортшының келесі кездесуі 4 наурызға жоспарланған. Ол америкалық Джефф Нилге қарсы шығады.