жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 7 15.02.2023 14:14

Соғыс туралы жазған журналист 5 жылға сотталды

Фото: kp.ru

Барнауыл соты журналист Мария Пономаренконы Ресей армиясы туралы "қауесет" таратқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ оған 5 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

RusNews-тің жазуынша, ол Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп танылды.

44 жастағы Мария Пономаренко өткен жылдың сәуір айында ұсталды. Тергеу мәліметтері бойынша, наурыз айының ортасында ол Telegram-да "жалған ақпарат" жариялады. Ол Ресей әскери күштері Мариупольдегі драма театрына әуе шабуылын жасады деп жазған. 

Тергеушілер бұған дейін журналист қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын атап өтті.

Сот Пономаренкоға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ оған 5 жыл журналистік қызметпен айналысуға тыйым салды. 

Мария Пономаренко өзін қылмыскер санамайтынын айтты.