сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 5 15.02.2023 16:46

Дәулет Тұрлыханов ұлының әрекеті жайлы пікір айтты

Фото: SportPress.kz

Спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов баласының әрекетіне қатысты әлеуметтік желіде пікір білдірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

"Ақпанның 11-не қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл - кәмелет жасына толған азамат. Егер оның кінәсі дәлелденсе, оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын" делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыдағы мекемелердің бірінде адвокаттар Анна Димитриевич пен оның күйеуі Олег Чернов соққыға жығылғаны хабарланған.