сенбі, 5 қазан 2024
Жаңалықтар 7 15.02.2023 17:11

Алматыда жоғалып кеткен екі оқушының жағдайы анықталды

Фото: NUR.KZ

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы 7 ақпанда жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.

"Қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Қазір олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Олардың мекенжайы анықталды. Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген", - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.