жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 8 16.02.2023 13:13

Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады

Фото: newsmaker.md

Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады. Басы мен аяғына зақым келген жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды teznews.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Оқиға кеше, 15 ақпанда жергілікті уақытпен саған 19:00 шамасында болған.

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Куәгерлердің айтуынша, кеше кеште 2015 жылғы туған баланы бұралқы ит талаған. Бала травматикалық күйзеліске түскен. Баланың басы мен аяғында жарақаты бар. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оған жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ота жасады. Қазір науқас аталған бөлімде ем-дом шараларын алып жатыр. Дәрігерлерлер науқастың денсаулығын бақылуда ұстап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.