сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 8 16.02.2023 15:15

Әлемде құс тұмауы өршіді

Фото: egemen.kz

Әлемде құс тұмауы өршіп тұр. Соңғы зерттеулер құс тұмауының барлық континентке таралғанын көрсетті. Үй жануарлары жұқтыруы мүмкін жабайы құстардың арасында инфекция бар екені расталды, деп хабарлайды teznews.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Reuters агенттігі төрт континенттегі 20-дан астам сарапшы және фермермен сөйлескен, олар вирустың жабайы табиғатта таралуы құс фабрикаларындағы рекордтық көрсеткіштер жақын арада азаймайтынын айтқан. Бұл әлемдегі азық-түлік қорына қауіп төндіреді.

Жануарлар арасындағы жағдайлар Америкада, Еуропада, Азияда және Африкада жиілеп кеткен. 15 ақпанда Уругвай мен Аргентина билігі вирустың алғашқы расталған жағдайларына байланысты төтенше жағдай жариялады.

Сарапшылар атап өткендей, вирустың таралуына аяз бен күннің жылуы әсер етпейді.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында Маңғыстау облысы Қаракөл көлінің жағасында Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде аққулардың өлімі тіркелді. Аққулардан алынған патологиялық материалдардың сынамалары құс тұмауына оң нәтиже берді.