жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 43 21.02.2023 12:49

Бақытгүл Хаменова кезекті сот отырысында не айтты?

Фото: halyq-uni.kz

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова апелляциялық сотта бірінші инстанциядағы сот үкімінің өзгеріссіз қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды teznews.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

«Соттың сауатсыз шешім шығарғанына қарап, өңірдегі судьялардың дербес шешім, әділ үкім шығаруда ешқандай билігі жоқ екеніне көзім жетті. Екі адамның жалған сөзіне құрастырылған істің қанша ақиқаты айтылса да, бәрібір оны өңірдегі құқық қорғау органдарының естір құлағы болмады», - деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары енді Жоғарғы сотқа жүгінетінін айтты.

Менің еш кінәм жоқ. Ол Аллаға аян. Кассациялық сатыдағы сот істі егжей-тегжейлі қарап, үкім шығарады деп ойлаймын. Өңірдегі құқық қорғау органдарына сенің шындығың мен ақиқатыңның құны көк тиын. Содан кейін ешқандай да сенім болмайды. Мен өзімнің шындығымды, ақтығымды дәлелдеу үшін барлық тетікті пайдаланып, соңына дейін күресемін, - деді Хаменова.