жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 7 21.02.2023 13:38

Павлодарда жарылыс болды

Фото: ТЖМ

Жарылыс салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.

ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің алдын ала ақпараты бойынша, «Павлодар» ЖШС қазандығының ғимаратында газ-ауа қоспасы жарылған.

Жарылыс салдарынан қазандық ғимараты жартылай қирап, шатыры құлады.

Екі адам зардап шекті. Оның біреуі - компрессор-оператор болса, екіншісі - автогаз тасығыштың жүргізушісі.

"Қоңырау 16:27-де түсті. Оқиға орнына жедел жәрдем және апаттар медициналық орталығының бригадасы жіберілді", – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз орталығы.

Дәрігерлердің айтуынша, денесін күйік шалған 43 жастағы ер адам бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген.

Ал 59 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартқан.