жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 8 21.02.2023 14:28

Сот Нұрлан Мәсімовтің өтінішін қанағаттандырмады

Фото: arasha.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Нұрлан Мәсімовтің өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Сот өз қаулысында ҚР ҚК Нұрлан Мәсімов аса ауыр санаттағы қылмыс жасады деген күдікке ілінгенін атап өтті.

«Сонымен қатар, қылмыстық іс материалдарынан бұрын Нұрлан Мәсімов сотқа дейінгі тергеу барысында жасырынып, іздеуде болғандығы белгілі. Осыған сәйкес, өтінішхаттар қанағаттандырусыз қалады» деп жазылған сот хабарламасында.

 

Нұрлан Мәсімовке қатысты іс бойынша негізгі сот талқылауы 3 наурызға белгіленді. Іс алқабилердің қатысуымен қаралатын болады.