жұма, 4 қазан 2024
Білім 15 21.02.2023 17:18

Балабақша тәрбиешілерінің қанша жалақы алатыны белгілі болды

Фото: semeynews.kz

Оқу-ағарту министрлігі Ерте жастағы балаларды дамыту институтының директоры Манара Адамова мектепке дейінгі ұйымдарда істейтін педагогтердің орташа айлық жалақысын атады, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Министрлік өкілі балабақша тәрбиешілерінің қазіргі жалақысы өте аз екенін мойындады.

"Егер бес жылға дейінгі еңбек өтілі және ең төменгі екінші санаты бар балабақша педагогінің орташа айлығын есептесек, ол 164-172 мың теңге аралығында болады. Ал тәжірибесі жоқ, жұмысқа жаңадан орналасқан жас маман 94 мың мен 120 мың теңгенің айналасында алады. Бұл өте аз, әрине. Сол себепті мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалақысын кезең-кезеңмен көтеруді қарастырып жатырмыз", - деді Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, еңбекақыны өсіру мәселесі жыл соңына дейін қаралады.