сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 11 22.02.2023 9:59

Киевке барған Байден Зеленскийге не айтқаны белгілі болды

Фото: ria.ru

20 ақпан күні АҚШ президенті Джо Байден Украина астанасы Киевке барып, Михайловский соборында Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды teznews.kz orda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Джозеф Байден Киевте. Сіздің сапарыңыз барлық украиндықтар үшін өте маңызды қолдау болды» деп жазды Зеленский.

Кейін АҚШ президенті АҚШ-тың Украинаның демократиясына, егемендігіне және аумақтық тұтастығына деген міндеттемесін растау үшін Киевке келгенін хабарлады. Ол сапар барысында Украинаға әскери көмек жіберетінін айтты. Сондай-ақ Ресей элитасына қарсы жаңа санкциялар туралы жариялайтынын атап өтті.

«Путин бір жыл бұрын соғыс ашқан кезде Украинаны әлсіз деп ойлады. Ол бізден басым түсем деп ойлады, бірақ ол оңбай қателесті» деп жазды Байден.