жұма, 4 қазан 2024
Жаңалықтар 8 22.02.2023 10:49

Шымкент тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

Фото: egemen.kz

Шымкентте аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын сақтаған 23 жастағы жергілікті тұрғын құрықталды, деп хабарлайды teznews.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері әкімшілік аумақта рейдтік іс-шара жүргізу уақытында қалтасында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаған 23 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан есірткі заттары салынған жалпы 12 дана полиэтиленді орамалар тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат есірткінің синтетикалық түріне жататыны нақтыланып, жалпы салмағы 20 грамды құраған. Тәркіленген есірткі заты аса ірі мөлшердегі болып саналады.

Аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.