бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 5 22.02.2023 16:38

ШҚО-да колониядан сотталған ер адам қашып кетті

Фото: ашық дереккөз

ШҚО-да қарақшылық жасағаны үшін сотталған адам колониядан қашып кеткен, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, 22 ақпанда ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің № 16 мекемесінен қылмыстық кодекстің 192-бабы ("Қарақшылық") 2-бөлігі бойынша сотталған адам қашып кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары шұғыл түрде басталды. Бір сағат ішінде қашқан адам ұсталды" делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес тергеудің егжей-тегжейлері өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Қазір  Өскемен қаласының ПБ ҚР ҚК 426-бабы “Бас бостандығынан айыру орындарынан қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ШҚО бойынша ҚАЖД қызметтік тексеру басталды.