бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 6 22.02.2023 18:18

Енді қажылықты жоспарлаған қазақстандықтарды ҚМДБ алдын ала оқытпақ

Фото: sputnik.kz

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажылық сапарға баруға ниеттенгендерді ала оқытып, қажылыққа дайындауды жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы. 

 

Бұл туралы діни басқарма сайтында жарияланды. Бас мүфти оқыту облыстық, аудан­­­дық, қалалық ме­­­шіт­­терде қолжетімді болатынын жеткізді.

Ол бүгінде ел ішінде қажылыққа барып келген кейбір азаматтардың ұлы сапар туралы жағымсыз пікірлері көбейгенін алға тартты. Соған орай, бола­шақ қажыларды діни, рухани, моральдық тұрғыдан даярлау мәселесіне көңіл бөлінбек.