бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 23 23.02.2023 11:6

Қарағанды облысында жол апатынан бірнеше адам қайтыс болды

Фотоколлаж

Қарағанды облысында ауа райының күрт өзгеруі салдарынан соңы қайғылы жағдаймен аяқталған екі жол апаты болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 ақпанда сағат 08:45-те Қызылорда – Павлодар тас жолында Абай қаласынан 5 шақырым жерде Nissan Note және ПАЗ 320530-02 автобусы cоқтығысқан. Жол апатынан Nissan Note автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі қайтыс болды. Автобуста зардап шеккендер жоқ.

"Ал кешкі сағат 20:50-де Алматы – Екатеринбург тас жолында Қарағанды қаласынан 25 шақырым жерде Toyota Corolla автокөлігі мен Volkswagen Passat автокөлігі соқтығысқан. Жол апатынан Toyota Corolla автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Volkswagen Passat автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысын ауруханаға жеткізген" делінген хабарламада.

Екі дерек те полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.