бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 8 23.02.2023 12:29

Биыл кредит беру талаптары күшейтіледі

Фото: Tengrinews

Биыл кредит беру талаптары күшейтіледі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz сайты.

Биыл агенттік тұтынушылық кредиттер нарығын тағы бір зерделеп шығады. Соның нәтижесінде қосымша талаптар енгізіледі.

"Соның ішінде сыйақы мөлшерлемесін шектеу шаралары да бар. Одан кейін микроқаржы мен коллекторлық ұйымдарды реттеу жағы да күшейтіледі", - деді Әбдірахманов сенат отырысында.

Оның айтуынша, соңғы екі жылдың ішінде 28 микроқаржы ұйымы мен 37 коллекторлық агенттіктің қызметі тоқтатылды.

"Биыл микроқаржы ұйымдары бойынша онлайн кредит беру мәселесіне баса назар аударылады. Бұр ретте кредит беру талаптары ғана емес, қарыз алатын адамдардың идентификациясына қатысты талаптар да күшейтіледі. Негізгі мақсат – алаяқтық жолмен кредит беру фактілеріне жол бермеу", - деп атап көрсетті Әбдірахманов.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан