бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 7 24.02.2023 10:48

Қарағандыда ескі көлігімен елді тегін таситын ақсақал халықтың ықыласына бөленді

Фото: caravan.kz

 

Қарағандылық Астаби Бұлқановтың жасы 85-ке келсе де, ақсақал такси жүргізушісі болып қызмет етеді. Бір қызығы қария қала тұрғындарын өзінің елу жылдық ескі жигулімен таситын көрінеді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Зейнеткердің сөзінше, ол көлігімен жүргелі 70 жылдың жүзі болған. Ақсақал сонымен бірге клиенттердің разылығы – менің жалақым деп әзілдейтін көрінеді.

«Жастайымнан адамдарға жәрдемдескенді, қолымнан келгенше көмектескенді ұнатамын. Бұл менің хоббиім десе де болады. Көлік айдауды, адамдармен әңгімелескенді ұнатамын. Егер күніне тым болмаса көлікті бір рет айдап келмесем, бір түрлі, қол қусырып, өзімді бос отырғандай сезінемін. Көлігім ескі болса да, осыған жетері жоқ», - дейді ақсақал.

Астаби Бұлқановқа отбасы қанша рет жаңа көлік сыйламақ болғанымен, ол одан бас тартқан. "Досты, тіпті темір тұлпарды да сатпау керек" дейді ол.