сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 91 27.02.2023 10:10

Ресей тұрғыны құймақ жеу сайысында түйіліп көз жұмған

Фото: delo-vcusa.ru

Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы.

РИА Новости мәліметінше, мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған

"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.

Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputnik.kz