бейсенбі, 3 қазан 2024
1 27.02.2023 15:56

Түркияда тағы зілзала болды

Фото: Tengrinews.kz

Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болды.

Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.