бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 43 27.02.2023 16:16

Серік Сәпиевпен жанжалдасқан спортшы мен оның бапкері кешірім сұрады

Фото: vesti.kz

Желіде Алматыда өткен Naiza 49 турнирінде ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцманның Серік Сәпиевтен кешірім сұраған видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды teznews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Құрметті қазақстандықтар, жасаған әрекетім үшін кешірім сұраймын. Мен ереже бұзып, қателік жасадым. Содан ойында эмоцияға ерік бердім, Серік Сәпиев – халқымыздың мақтанышы. Ойланбай жасаған әрекетім үшін кешіріңіздер. Енді қайталанбайды. Баршаңызға ас-саламу алейкум!" - деді Мұсиханов.

Оның жаттықтырушысы Александр Гольцман да халықтан кешірім сұрады.

"Ас-саляму алейкум! Құрметті қазақстандықтар, кеше менің шәкіртім ойланбай әрекет етті, мен де эмоцияға беріліп, артық сөз айттым. Мен қателестім, сондықтан шәкіртім екеуміз жасаған барлық әрекетіміз үшін кешірім сұраймын. Барша спортшы мен батырымыз, Олимпиада чемпионы, Серік ағаға аса құрметпен қараймыз және Серік ағаны спорт, қоғам қайраткері ретінде құрметтейміз. Біздің іс-әрекеттеріміз чемпионымыздың беделіне нұқсан келтірмеуі керек, біз жағдайдың бұлай болғанын қаламадық. Бәріне кінәліміз. Бізді кешіріңіз", - деді Гольцман.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/sport/79101/