бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 8 27.02.2023 17:17

Зілзаладан өлі табылған азамат жерлеуге бірнеше минут қалғанда оянды

Фото: rtarabic.com

Сирияда жер сілкінісінен кейін өлі табылған адам жерлеуге бірнеше минут қалғанда оянды, деп хабарлайды teznews.kz.

Сайт мәліметінше, Ахмед Әл-Мағриб есімді жас жігіттің денесі Атариб ауданындағы үйінділердің астында тірі қалған адамдарды іздеу кезінде табылған. Сол сәттен бастап екі күн бойы ол мәйітхананың тоңазытқышында жатқан. Дәрігерлер сириялықтың жүрегі тоқтап, қайтыс болғанын айтқан. 

Қоштасу рәсімі кезінде ер адам қозғалып, өлді деп есептеген жанның тірі екені белгілі болған.

Ахмед Әл-Мағрибиді ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда оның жағдайы қалыпты.