бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 5 28.02.2023 10:11

Алматыда екі автобус соқтығысты

Фото: zakon.kz

28 ақпан күні таңертең Тимирязев-Гагарин бағытында белгіленген жолақпен екі автобус соқтығысты. Салдарынан көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды teznews.kz Zakon.kz сайтына сілтеме беріп.

Куәгердің айтуынша, 22 және 205 бағыттағы автобустар соқтығысқан.

205-ші маршруттың жүргізушісі автобусының айнасын 22-маршруттың майыстырғанын мәлімдеді.

Апат салдарынан автобустар мен троллейбустар өте алмай қалды. Ұзақ кептеліс пайда болып, адамдар аялдамада көп жиналды.