бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 6 28.02.2023 13:49

Атырауда үлкен жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

Фото: atpress.kz

Қайғылы оқиға Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолында болған, деп жазады teznews.kz atpress.kz порталына сілтеме жасап.

28 ақпан күні сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолының 492 шақырымында Мақат-Қызылқоға бағытына қарай ж.һүріп бара жатқан Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі рульдік басқаруға ие бола алмады. Осылайша қарсы беттегі жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан 4 адам қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған 3 адам Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.