бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 6 28.02.2023 15:57

Төрт ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінен табылды

Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында төрт ай бұрын жоғалған ер адамның мәйіті өз үйінен табылды. Оны өлтірді деген күдікпен әйелі ұсталды, деп хабарлайды teznews.kz ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 23 ақпанда Лисаков қаласының тұрғыны полиция бөліміне барып, ағасын төрт ай бойы көрмегенін айтқан. Телефонын көтермейді, қайда жүргені белгісіз.

"Жедел тергеу тобы жоғалған адамның тұрғылықты жеріне барып, зорлық белгілері бар 50 жасар ер адамның мәйітін тапты", - дейді полицейлер.

Марқұмның денесі төрт ай бойы үйде жатқан. Қазіргі кезде қылмыс жасады деген күдікпен жәбірленушінің 51 жастағы әйелі ұсталды. Оны психиатриялық ауруханаға жатқызды.

Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі (Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.