сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 26 28.02.2023 18:53

Каспий жағалауынан бірге көмілген 18 адамның қаңқасы табылды

фото: дереккөз

Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы республика бойынша Тергеу комитетінің (ТК) департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды. 

Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақ үйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған.