сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 9 01.03.2023 19:25

Грекияда пойыздар соқтығысып, 32 адам мерт болды

Фото: AP Photo / Vaggelis Kousioras

Грекияның оңтүстігінде сейсенбі күні екі пойыз соқтығысты, мерт болғандар саны 32 адамға жетті, тағы 85-і жарақат алған. Бұл туралы сәрсенбі күні Грекияның өрт сөндіру қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Teznews.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Василиос Ватракояннистің мәлімдеуінше, жарақат алған адамдардың 53-і ауруханаға жатқызылған.

Құтқарушылар Темби муниципалитетінде түн ортасында жүк пойызымен соқтығысқан жолаушылар пойызының қирандыларының астынан аман қалған адамдарды іздеп жатыр, деп хабарлады АМНА агенттігі.

Оқиғаның жай-жапсары тергеліп жатыр.

«Бірнеше вагон рельстен шығып кетіп, төртеуі өртенген. «1 және 2-вагон жоқ. Соқтығыс қатты болғандықтан олар жолдан ұшып кеткен», - деп хабарлады Фессалия провинциясының губернаторы Костас Агорастос ERT мемлекеттік телеарнасына.

Грекияның Қызыл ай қоғамы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Лариса қаласындағы апат орнына жақын маңдағы орталық алаңда қан тапсыруға шақырды.