бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 7 03.03.2023 10:38

Мектепке балтамен келген баланы ұстаған оқушы марапатталды

Фото: скрин

Петропавлда мектепке балтамен келген баланы ұстап, арашалаған жасөспірім марапатталды деп хабарлайды Teznews.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 13 ақпанда № 4 Петропавл мектебінде болған еді. 9-сынып оқушысы сабаққа балта мен маска алып келіп, оқушыларға шабуыл жасады. Үш бала зардап шегіп, олардың екеуі реанимацияға түсті. 

2 наурызда араша түскен жасөспірім мен оның ата-анасы "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының алғыс хатын алды. Мектепте оқиға барысында болған екі бала да марапатталып, алғыс хат пен тәттілер берілді.

Нұрислам Сандыбай не болғанын түсінбей қалғанын айтады.

"Бала кенеттен тоқтап, қызды артқы жағынан ұра бастады. Алғашында мұны әзіл деп ойладық және жай қарап отырдық, бірақ қыз отырып жылай бастады. Мен бірдеңе дұрыс емес екенін түсіндім де, артынан жүгіріп барып, баланы ұстадым. Осыдан кейін 10-сыныптағы Алдияр келді, ол балтаны тартып алды. Дәрігерлерді алғашқы көмекке шақыруға асықтым", – деді Нұрислам.