бейсенбі, 3 қазан 2024
Жаңалықтар 14 03.03.2023 11:28

Әскери институттың курсанты поста өлі табылды

smi24.kz

Қорғаныс министрлігіне қарасты Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтында курсанттың мәйіті табылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы министрлікке сілтеме жасап.

Бүгін жас жігіттің денесі осы институттың оқу орталығында табылды. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.

"Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды", - делінген ресми хабарламада.

Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.