сенбі, 5 қазан 2024
Спорт 18 03.03.2023 14:37

Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақ баласы сенсация жасады

Фото: ашық дереккөз

Дзюдодан Grand Slam турнирінде қазақстандық Нұрқанат Серікбаев 2019 жылғы әлем чемпионы, грузиялық Лукуми Чхвимианиді жеңіп, финалға шықты деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп. 

Нұрқанат Серікбаев 60 келіге дейінгі салмақта финалға жолдама алған. Жарыс аясында ол төрт белдесу өткізді.

Отандасымыз алдымен БАӘ өкілінен, сосын әзербайжандық балуаннан басым түсті. Ширек финалда өзбекстандық Ділшотбек Баратов, жартылай финалда грузиялық спортшыны жеңді. 

Финалдық кезеңде Серікбаев Оңтүстік Корея спортшысы Ким Вон Джунмен алтын медаль үшін таласады.